Аралбай батыр Әлібекұлы - (шамамен 1685-1778; ұрпағы он бір-он екінші атаға жеткен ру аты Аралбай батыр есімімен аталады), есімі ел аузыңда қалған белгілі батыр. Алтай руынан тарайды. АралбайҚарпық Барғана батыр, Тарақты Наймантай батырмен үзеңгілес дос болған.
Аралбай батыр Әлібекұлы
Қанжығалы Бөгенбай батырдың Айбике (кейін мінезіне орай Көжек атанған) деген қарындасын алған. Одан Өмір деген бір ғана ұл туған. Аралбайдын бәйбішесі Айса ұлы жүз Сиқым-Жаныс Төле биге аталас адамның қызы болған. Одан туған Құттыбай, Жоламан, Тоты балалары рулы ел Сырт Аралбай атанады, Аралбайдын үшінші әйелі Тансұлу Танақызы, одан Байтоқа, Сеңкібай, Бәйтелі, Жабағы, Жабықтуған. Бұлардың әрқайсысы рулы ел, бір-бірімен қыз алысуға жеткен. Аралбай батыр Түркістан қаласына жерленген.
Аралбай батыр кесенесіЕскерткіш тас
Қазақ халқының тағдыр-талайында ерліктің айбынын көрсетіп, елдің қорғаны болған тарихи тұлғалар шоғырындағы дулығалы батырлардың алар орны ерекше. Аты аңызға айналған сондай ержүрек жанның бірі, XVIII ғасырдағы Қазақ елінің жоңғарларға қарсы ұлт-азаттық соғысындағы көрнекті қаһарманы — Аралбай батыр Әлібекұлы. XVII – XVIII ғасырлар қазақ халқының жауын бірде жеңіп, бірде жауынан өзі жеңіліп өткізген толассыз шайқасымен, тәуелсіздік үшін жан алып, жан берген ерлік күресімен сипатталады. Есім, Салқам Жәңгір, Қарасай, Көшек, Шерубай батыр және басқа батырлар туралы жырлар, аңыз-әңгімелер бұл тұста жастың жүрегінде, қарттың есінде еді. Аралбай батыр бір жағынан осындай теңдессіз бай рухани ортада өсті. Екінші жағынан көзін ашып көргені елге үстемдігін жүргізген басқыншы жаудың зорлығы мен зомбылығы болды. Мұның өзі жүрегінде оты бар жасты туған елін, ата-мекенін жаудан азат ету туралы алыс арманға, тұтас халық ардақ тұтқан асыл мұратқа бастады, ата жолын қуып, батыр болуға құлшындырды. Әлібекұлы Аралбай ат жалын тарта бастағанда Тәуке ханның батыры болған. Аңыз әңгіменің бірінде Тәуке хан Қанжығалы Бөгенбай батырға "қалмаққа аттанамыз, қол жина" деп жарлық береді. Бөгенбай Арқадағы аты шығып жүрген жас перен батырлар Алтай Аралбай мен Тоқа Барғанаға "сарбаз жинап, тез жетіңдер" деп сәлем айтады. Ол екеуі Арқадағы қоныстанған ауыл-ауылды жағалап, жігіт жинайды. Тарақты Наймантай батырдың азамат балалары соғыста шейіт болып, батырдың қартайып отырып қалған кезі болса керек. Аралбай мен Барғана Наймантай батырға соқпай кетсек өкпелер, сәлем беріп, батасын алайық, қосатын жігіті болса оны көрейік, деп Наймантайдың аулына келеді. Балқаштың ну қамысының ықтасына қонған екен. Күздің қара суығы. Батырға сәлем беріп, келген жайларын айтады. Наймантай батыр: "Балаларымның бәрі қалмақтармен болған қақтығыста қаза болғанын өздерің білесіңдер. Өзімнің түрім мынау. Он үш жасар балам бар соны қосайын” дейді. "Батыр екесі-ау, тойға бара жатқан жоқпыз, соғысқа барамыз. Он үш жасар баладан бізге не пайда, батаңызды берсеңіз болады", - депті Аралбай мен Барғана. “Қомсынсаңдар ертпей-ақ қойыңдар. Бірақ менен туғаны рас болса, сендерге масыл болмас",- дейді Наймантай батыр. "Батыр ата, он үште отау иесі болғанымен, жауға шауып, аруақ шақыру бұғанасы қатпаған балаға оңай болмас. Сонша сенім артатын балаңыздың не қасиеті бар",- дейді Аралбай. "Оған атамыздың аруағы қонған ба деп топшыладым. Кеше талай жорыққа мінген, қоса жасасып келе жатқан жалғыз атымды жолбарыс жарып кетіпті. Соған назаланып енді мені даланың тышқаны да басынғаны ғой деп налып жатып қалдым. Менің күйзелгенімді көрген балам үйден шығып кетіп еді. Қамыс жаққа кетіп бара жатқан баласына шешесі қайда барасың десе, атамның атын жарған тышқанға барам депті. Барма, жазым қылады дегеніне көнбей, кетіп қалыпты. Қатыным: "Қу қақпас, енді қалған жалғыздың түбіне жететін болдың. Анау атамның атын жарған тышқанды өлтірем деп кетті" деп дауыс қойды. Шыдай алмай садағымды алып, баланың ізімен қамыс ішіне кірдім. Жолбарыс атты жарған жерінен ұзамаған екен. Артында келе жатқан мені бала сезер емес. Жолбарыс оны көріп, құйрығын шапақтап, қарсы қарап жатып алды. Аңға атыларда пәтшағар сөйтеді ғой. Бала не қылар екен байқайын, жолбарыс шапса атып қалайын деп, садағымды кезеніп тұра қалдым. Балам барып жолбарыстың үстіне атша мінді де, кездігін өкпесіне сұғып алды. Жолбарысты қозғалтпай буып тастаған баламның аруағы бар екен деп Құдайға тәубе қылдым. Ана ілулі тұрған соның терісі",- депті Наймантай батыр. Сөйтіп, Байқозы батырдың атағы 13 жасында қалмақтармен айқаста шыққан екен. Аралбай батыр 1726 жылғы Бұланты, 1729 жылғы Аңырақай шайқастарына қатысқан. Тәуке хан өлгеннен кейін Әбілмәмбет ханның батыры болған. Абылай қолдаған. Әдеби – тарихи деректер мен ел есінде сақталған аңыз-әңгімелер Аралбай батырдың бүкіл халықтың ықыласына бөленіп, мақтанышқа айналуы 1727-1742 жылдардың шамасы екендігіне мегзейді. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қатарынан бірнеше рет қатты соққы беріп, ақыры үлкен жеңіске жетуі осы уақытқа сәйкес келеді. 1740 жылы ойрат әскері Сарыарқаға қарай төгілді. Жауды күтіп сақадай сай отырған Абылай қолы қарсы шабуылға көшті. Бірнеше салмақты ұрыстарда жау қолын ойсырата жеңген қолдың басында "Алтайлап!" - жауға қарсы шауып, Қазақ туын жоғары көтерген Аралбай, Қызылқұрт, Нияз, Шерубай, Тауасар батырларға риза болған төбе би Төленің "Арғын болсаң Алтай бол!" - деп шын жүрегінен бата беретіні осы жолы болса керек. Жеңіс екі жақты болып жатты. Күзде саябырлаған тәрізді болған ұрыс ақпан айында Қалдан Сереннің үлкен ұлы Лама Доржи бастаған отыз мыңдық ойрат шерігі жолдағының бәрін жайпап жоғары қарай жылжи түсті. Қанды шайқас қыстан озып, жазға ұласты. Қысқы майданда Есіл мен Тобылға дейін ұрыс жалғасып жатты. Бұл уақытта Алтай жігіттеріне қолбасы болған Аралбай неше түрлі қиянкесті соғыстарда аты шығып, Лама Доржидің бір қолын тас-талқан етеді. Аралбайдың інісі Төлес (Тілес) те батыр болған. Ол 1725 жылдары туған. Байқозы батырдың тәрбиесінде болған. 1745 жылы Қалмақтың ханы Қалдан Серен өлгеннен кейін Жоңғар хандығына ие болған Лама Доржи қазақ еліне шапқыншылықты қайта бастайды. Осы кездегі қалмақтармен бір соғыста 1745 жылы Төлес (Тілес) батыр қаза болады. Төлестен (Тілестен) Тайлақ жалғыз туады. Одан өніп-өскен балалар болған. Олар бір ел болып, Алатау асып, сол жақта үрім-бұтақ жайып, тұрып жатыр деген деректер бар. Оларды әзірше ешкім білмейді. Төлес (Тілес) қаза болған соң оның әйелін Аралбай батыр алады. Одан Барақ (Ботақан-Барақ) дүниеге келеді. Ботақан-Барақтың кейінгі ұрпағы 30-40 шаңырақтан асқан емес. Барақтан тараған Смайылұлы Рақыжан асқан шебер зергер, молда болған; Қуанышов Шәкіжан милиция полковнигі, Сарысу ауданының тұңғыш милиция бастығы болған. Аралбай батырдың баласы Бәйтелі батыр 1729 жылы туған, 1799 жылы қайтыс болған. Бәйтелі Тарақты Байқозы батырдың шәкірті, үзеңгілес серігі болған. Жанама аты Жәнекең деп аталады. Бәйтелі қалмақтың Айманақ батырын жекпе-жекте жеңген. Айманақты аттан құлатқан жердегі тау Иманақ атанып кеткен. Аралбай батырдың бәйбішесі Айса – Ұлы жүз Үйсіннің Дулатынан тарайтын Сиқым-Жаныс руынан. Төле биге аталас адамның қызы болған. Одан туған Құттыбай, Жоламан, Тоты балалары рулы ел Сырт Аралбай (немесе Айса) атанған. Аралбай Қанжығалы Бөгенбай батырдың Айбике (кейін мінезіне орай Кежек атаған) деген қарындасын алған. Одан Өмір деген бір ұл туған. Әйгілі Өмірұлы Кенже атбегі 1778 жылы туып, 1862 жылы қайтыс болған. Кенженің бәйбішесі Қарабас ұзатылғанда әкесі қызына Қаракесек Қара руының бір байынан қалап алған жүйрік торылардың тұқымынан бір бесті айғыр мінгізеді. Ол торының тұқымы шетінен жүйрік болып “Кенжеторы” аталады. Кенесарының қарындасын алған Батырбай төре Қызылтаудың терістік бетіндегі Жалғызағаш деген қыстағын Кенжеге бір жүйрік ат пен бір қыран бүркітке сатқан. Кенжемен құда болып, Нұркүміс деген қарындасын Кенженің Байсалбай деген екінші ұлына ұзатқан. Батырбай сұлтанның Кенжемен араласуының басты себебі Кенже торылардың жүйріктігіне қызыққаннан еді. Кенже тек жүйрік аттардың иесі ғана емес, асқан сыншы атбегі болған. Кенжеторыдан тараған жүйріктерді қарындасы Қақы екеуі жаратып,баптап бәйгіден келтірген. Аралбайдың немересі Кенженің әйелі – Қарабас бәйбіше өте көрікті, ақылды адам болған. Кенже мен Қарабастан Дос, Байсалбай, Берді, Ардабай деген төрт ұл туған. Қарабас стансасы сол кісінің мазары үстінен өткен теміржол бойында Қарабас атымен аталған. Діни сауаты мол, Ислам дінін уағыздаушы Ардабай молда Кенжеұлы 1801 жылы туып, 1874 жылы қайтыс болған. Кенженің үлкен баласы Дос Түркістан, Пішпек-Тоқпақ жағына кіре тартып, сауда-саттық жүргізеді екен. Кенже кіші ұлы Ардабайды 9 жасында үлкен баласына ертіп Түркістандағы Қарнақ медресесіне жібереді. Ардабай ол медреседе 6 жыл оқып еліне келеді. Келісімен ауыл балаларын оқытуға кіріседі. Одан Байсалбайдың Мәндібайы, Бердінің Қали, Ыбырайым деген балалары, өзінің Нұртаза, Зария, Әубәкір, Ілияс деген балалары оқыған. Осылардың ішінде Мәндібай мен Әубәкір жақсы оқып олар да кейін ірі молда болған. Ардабайдан Аралбай Өтебай болыстың немересі Айқышбайұлы Жәкеш қалпе оқыған. Осы Ардабайдан сабақ алған Мәндібай ірі молда болып, Шаққан Ахметті оқытса, Шаққан Ахмет қажының шәкірттері Алтай-Қарпықтың барлық ауылдарында болған. Керей Тұрлыбекке ас беріледі деп сауын айтылғанда 70-ке келген Кенже атын жаратып, бәйгеге қосуға жібереді. Керей Тұрлыбектің асы 1848 жылы Қызылжардағы (Петропавл) Белқараған деген жерде берілген. Оның асына жеті дуан ел шақырылған. Аттың, адамның, ат-тұрманның сұлуына бәйге жарияланады. Алсай Қонақбайдың Қарақұлақ аты ат сұлуы болып, Тарақты Сағал адам сұлуы болып, ер-тұрман сұлулығынан Кенженің алтын ері бас бәйге алады. Ол ерді Қырғыз Жүзбай деген ұста соққан. 560 аттан Кенжеторы бірінші болып келеді. Оған Кенженің үлкен ұлы Достан туған 13 жастағы Елбай мініп шапқан екен. Елбай Аралбай батырдың үлкен әйелі Айсадан туған сырт Аралбай атанатын Нұрабай, Ақжігіт, Мәме, Жидебай, Сары, Бақа батыр, Сарғалдақ, Боздақ, Төбет ауылдарының биі болған. Елбай тісінің қаны тиылмаған соң, Сайдалы руының қожасы Әбдірейім қожаны шақыртады. Қожа көріп жіберіп:"Ажал тамырының аузы ашылған екен, қамдарыңды жасай беріңдер",- деп ем қолданбапты. Елбай бір тәулікке жетпей қайтыс болыпты. Қазіргі Ақтасты су қоймасының жанындағы Тілеке аталатын шошақ моланың қасындағы көп қорымға жерленген. Аралбай батырдың үшінші әйелі Таңсұлу – Тама Әлім-Жәгіден тарайтын Жабал руының қызы. Таңсұлудан – Байтоқа, Сәңкібай, Бәйтелі (Жәнекең), Жабағы (Танаң), Жабық (Бөпең) деген ұлдар туған. Қазір бұлардың әрқайсысы рулы ел. Барлығын қосып Таңсұлу деп атайды. Атақты Байтоқа би (1727-1776) осы Аралбай батырдың кіші әйелі Таңсұлудан туған. Бекше Байдалы бимен немере, құрдас. Бұл кісі де тура шешетін Абылай ханның тура билерінің бірі болған. Ағайын арасындағы қақтығыстарды болдырмай, қара қылды қақ жарып әділдігін айтатын болған. Байтоқа отырған жерде Байдалы билікке араласпаған. Ағын судай ақын Байдалы көп сөйлеп бара жатса Байтоқа "қарыс-қарыс" дегенде үндемей отырып қалады екен. Ішкен тамағында тазалық болмаса, көзінен басыр болып, жатып қалады екен. Бұл қасиет Байтоқаның немересі Қосыбайдан туған Кеттебекке ауысқан. Ол кісі жолаушы шыққанда шай қайнататын суды өзіне белгілі бұлақтан таза суды торсыққа құйдырып ала жүреді екен. Ұлытауда «Аралбай» деген өзен бар. Соның бастау алатын тұсында Аралбай батырдың көне зираты сақталып қалған. Соңғы жылдары осыны растайтын мұрағат деректері табылды: «Ресей империясының «Жерге орналастыру және жер шаруашылығы бас басқармасының» арнайы тапсырмасымен 1908-1909 жылдары Көкшетау мен Ереймен, Атасу мен Сарысу, Торғай мен Ұлытау өңірін шарлап, тау-тас, өзен-көл, тарихи атаулар мен қоныстарды түгел зерттеген тау-кен инженері А.Козыревтің «Гидрологическое описание важной части Акмолинской области» деген еңбегінде Ұлытаудан Арғанатыға қарай көсілетін жазықта Аралбай өзені ағып жатқаны, соның бастау алатын тұсында Аралбай деген адамның зираты бар екені анық жазылған». Орыс зерттеушісі еңбегіндегі осынау құнды тарихи деректерге сүйене отырып, Аралбай батырдың белгілі ұрпақтары батырдың соңғы аялдаған жеріне барып, әлгі өзен мен зиратты көзбен көргендерін ерекше сезіммен былай баяндайды: «Біздер Ұлытауға іліккеннен Аралбай батыр хақындағы шындыққа кенелдік. «Қазақтың мына аруақты тауы мен осынау ұланғайыр өлке бағзыдан Арғын ата ұрпағының мекені емес пе, - деді қарсы алған, төрге оздырған қариялар. Сол Арғынның артық туған асылы, Алтайдан шыққан баһадүр Аралбай батырдың зираты осында». Ұлытау ауданының орталығында осы сөзге арқаланып қонып шықтық та, ертеңіне өлке тарихынан хабары мол Тоқан ақсақал мен Айбас құдамыздың бастауымен Арғанатыны бағыт алдық. Даланың қиын жолымен сексен шақырымнан астам жүрген соң, қарсы алдымыздан «Аралбай өзені» деген белгі көрінді. Бағзыдан аруақты батыр атындағы өзен осы арада жолды кесіп өтеді екен. Өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанғандай болды. Шілденің ыстығында шіліңгірленген өзен батыр ғұмыр кешкен заманынан қалған, күн көзінде сан жылдар көнерген күміс белдеудей созылып, таң әулетіндегі солғын сәулемен әлсіз толқынданады. «Аралбай зираты бұл жерден қашық емес», - деді жол бастаған қария. Енді соларды көруге асығып тұрған шығарсыңдар. Қозғалайық». Даланың қара жолы бірде белден бел қуады, бірде сай-салалы жазықты кезіп кетеді. Көп ұзамай бұрынғы Шеңбер кеңшарының Үңгірлі ауылына жеттік. Бабамыздың зираты осы жерден қарға аттам ғана екен. Соған бастап келген Бүркіт деген азамат таудың тарғыл тасынан қаланған төрт бұрышты бейітті осы маңның елі баяғыдан Арғынның Алтай бұтағынан шыққан Аралбай батырдың тамы дейтінін айтты. «Үлкен әкем бала кезімнен осы зираттың басына ертіп әкеліп, Аралбай батырдың аруағына құран бағыштайтын» - деді. Зират жерге біршама шөккенімен, аса бұзыла қоймаған. Бір бұрышы құлапты, төрт құлағына қойылған ақ тастардың бірі бар, бірі жоқ. Әуелде әлде терезе, әлде есік болған маңдайшалы тұсынан бүгінде бала ғана кіріп шыға алады. Жапсарлана салынған тас зират та осы шамада сақталған. Оны Бүркіт Аралбай батырға ерген туыстарының бірінікі деп тоқтады. Маңайда құлпытас секілді белгісі бар бірнеше тас қабыр жатыр. Қаланбаған, үйілген тарғыл тастар сонау Сақ пен Ғұн заманынан хабар беретіндей. Батыс беттегі аласа төбенің үзіктері осындай зираттарға толы. Келген ел қуаныштан толқыды, толқыды да тебіренді. Толқымасқа болмайтын да еді. Бұл жерде атақты Әз Тәукеден басталатын күреске де, ерлікке де, елдікке де толы ұлы тарихтың тегеурінді тұлғасы – даңқты батыр байыздап жатыр еді. Сол аруақты батырмен бірге қиын да тағдырлы тарихтың өзі де тұнып тұрғанды. Көкіректе көшіп кеткен көп жылдар күмбірледі. Аралбай батырдың, көзге ерлігімен ерте түскен жас батырдың Үш Жүздің басын алғаш қосқан Әз-Тәукенің сеніміне еніп, Канжығалы қарт Бөгенбайдың әкесі Ақшамен бірге өткерген жорықтары, кейін Бөгенбайдың өзімен тізе қосып, Еділден бері асқан қазақтарды Түменге дейін қуғаны, 1726 жылы Бұлаңтыда, 1729 жылы Аңырақайда, 1740 жылы Сарыарқада Жоңғардың қалың қолына «Алтайлап!» атой салғаны көкейде жаңғырықты. Арқаның Нияз, Байғозы, Шерубай, Тауасар сынды жойқын батырларын Абылайға бастап барып, осы ерен топпен бірге жау қазақ даласын тастап қашқанша аттан түспеген қаһарман өзіндей Жоталы-Арғанатыда ел-жұртына қош-есен бол депті. Бабамыздың рухына мал шалынды, құран оқылды, қазық қағылып белгі қойылды. Енді тау етегіндегі Аралбай қыстағына асықтық. Қараса көз тоятын көркем жер екен. Шығысқа қарасаң, айбынды Арғанаты еңсеңді көтереді, етектегі қалың тал тұлпар жалданып жігеріңді жаниды. Қос қаптал тастақ жота-белмен белін шарт буып, дұшпанына түйілген қарт батырдай әне-міне жөнеп беретіндей. Шалғыны кеудені қағып, шілігі бой балқытып, тобылғысы нар қызылданып жанарыңды жайқалтады. Талды өзектен биікте ескі қора-қопсының сілемі байқалады. Бертінде осында қоныстанған малды ауылдан қалған бірен-саран үйлер де шөгіп біткен. Ал кеңістікте батыр заманының дарабоз даңқы жаңғырығы басылғандай, дала желі гу етіп ұйтқып, тау алқабы сілкініп сала берді. Көрікті жерде, аңсап келген жерде, батырдың табаны тиген киелі жерде ұзақ аялдадық. Тарих бізбен осылай тілдесті, біз осылай қасиетті тарихымызбен табыстық». Сөз соңында айтарымыз, Аралбай батырдың өз кіндігінен туған балаларының бейіттері қазіргі Жаңаарқа ауданының аумағында жоқ. Ал Аралбай Әлібекұлының немерелерінің молалары Жаңаарқа жерінде.
«Аралбай» руы туралы қысқаша бір ауыз сөз
«Аралбай» руы «Арғын-Қуандық-Мойын» ру-тайпасының бір негізгі тармағы болып саналады. Аралбай батырдың төрт әйелінен 11 ұл туған. Аралбай атасынан тоғыз әулет таралады. Үшінші баласы Тотыдан және бесінші ұлы Темірден ұрпақтар жоқ. Со